- Год издания: 2023
- Категория документа: Постановления Правительства РК
- Статус документа: Действует
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы денсаулық сақтау саласындағы өзара ынтымақтастық мәселелері жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумды бекіту туралы.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2022 жылғы 12 қазанда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы денсаулық сақтау саласындағы өзара ынтымақтастық мәселелері жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық меморандумның мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық меморандумның жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық меморандумдарын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға боладыэ