- Год издания: 2023
- Категория документа: Приказы КМФК МЗ РК
- Статус документа: Действует
«Дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің күшін тоқтата тұрудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының Орынбасары – Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік фармацевтикалық инспекторының 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 17-Қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 10-бабының 7) тармақшасына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының Орынбасары – Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік фармацевтикалық инспекторының 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 17-Қ қаулысына қосымша өзгерістер енгізілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитеттің (бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы бақылау басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің иелеріне, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Коммерциялық емес акционерлік қоғамға және «СҚ-Фармация» Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке хабарласын.
3. Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;
3) Комитетке осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негіздеме: Комитеттің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2023 жылғы 12 шілдедегі № 25-08-841/И хаты.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Төраға орынбасары –Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік фармацевтикалық инспекторы Л. Кашкымбаева.
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік фармацевтикалық
инспекторының
2023 жылғы ____ шілдедегі
№ _____ қаулысына
қосымша
Дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің күші тоқтата тұруға жататын тізбе
№ п/п |
Тіркеу куәлігінің нөмірі |
Дәрілік заттың атауы |
Өндіруші |
Тіркеу куәлігін ұстаушы, ел |
Дәрілік түрі |
1. |
РК-ЛС-5№018233 |
Симбиофлор-2 |
СимбиоФарм ГмбХ |
СимбиоФарм ГмбХ., Германия |
Ішуге арналған суспензия |
2. |
РК-ЛС-5№018231 |
Симбиофлор-1 |
СимбиоФарм ГмбХ |
СимбиоФарм ГмбХ., Германия |
Ішуге арналған суспензия |
3. |
РК-ЛС-5№018232 |
Про-Симбиофлор |
СимбиоФарм ГмбХ |
СимбиоФарм ГмбХ., Германия |
Ішуге арналған суспензия |
4. |
РК-ЛС-5№018818 |
Элигард® |
Толмар Инк. |
Толмар Инк., Соединённые Штаты Америки |
Тері астына енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат еріткішпен жиынтықта, 22.5 мг |
5. |
РК-ЛС-5№018819 |
Элигард® |
Толмар Инк. |
Толмар Инк., Соединённые Штаты Америки |
Тері астына енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат еріткішпен жиынтықта, 45 мг |
6. |
РК-ЛС-5№019905 |
Алакс® |
Гербапрол Познаньский завод лекарственных трав АО |
Гербапрол Познаньский завод лекарственных трав АО, Польша |
Қабықпен қапталған таблеткалар |
7. |
РК-ЛС-5№019998 |
Уросепт® |
АО Познаньский завод лекарственных трав Гербапол |
АО Познаньский завод лекарственных трав Гербапол, Польша |
Қабықпен қапталған таблеткалар |
8. |
РК-ЛС-5№020452 |
Веносмил |
ФАЭС ФАРМА, С.А. |
ФАЭС ФАРМА, С.А., Испания |
Капсулалар 200 мг |
9. |
РК-ЛС-5№021113 |
Флуомизин |
Роттендорф Фарма ГмбХ |
Мединова АГ Швейцария |
Қынаптық таблеткалар,10 мг |
10. |
РК-ЛС-5№021433 |
Хекокур спаг. Пека |
ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ |
ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ., Германия |
Ішуге арналған тамшылар |
11. |
РК-ЛС-5№021435 |
Итирес спаг. Пека |
ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ |
ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ., Германия |
Жақпамай |
12. |
РК-ЛС-5№021432 |
Итирес спаг. Пека |
ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ |
ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ., Германия |
Ішуге арналған тамшылар |
13. |
РК-ЛС-5№021612 |
Хабифак спаг. Пека |
ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ |
ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ., Германия |
Ішуге арналған тамшылар |
14. |
РК-ЛС-5№021524 |
Инфрагил спаг. Пека |
ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ |
ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ., Германия |
Ішуге арналған тамшылар |
15. |
РК-ЛС-5№021562 |
Фламиар спаг. Пека |
ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ |
ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ., Германия |
Жақпамай |
16. |
РК-ЛС-5№021447 |
КУКА |
Мултани Фармасьютикалс Лтд |
Мултани Фармасьютикалс Лтд., Индия |
Жөтелге қарсы шәрбат |
17. |
РК-ЛС-5№122095 |
Асакол |
Хаупт Фарма Вюльфинг ГмбХ |
Тиллоттс Фарма АГ., Швейцария |
Ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткалар, 400 мг |