«МЕДСЕРВИС ПЛЮС» қазақ фармацевтика компаниясы дәстүрлі «Мектепке алғашқы қадам» акциясын тағы да қолға алды. Жаңа оқу жылы қарсаңында Компания қызметкерлердің алғаш рет мектеп табалдырығын аттағалы отырған ұл-қызына пайдалы әрі жағымды сыйлықтар ұсынды.
Бастама аясында мектепке алғаш баратын әр оқушыға «MSP» логотипі бар, ішіне дәптер мен сурет дәптерден бастап, оқуға қажетті бүкіл құрал-жабдық пен кеңсе тауарлары салынған сапалы рюкзак берілді.
Жоба Компанияның бүкіл құрылымын қамтиды: биыл мерекелік жинақ бас кеңсе мен «МЕДСЕРВИС ПЛЮС» компаниясының Қазақстандағы барлық өңірлік филиалында жұмыс істейтін 90 қызметкердің баласына берілді.
«Тамаша акция биыл екінші рет өтіп жатыр. Былтыр компанияның сыйлығы 100-ге жуық қызметкердің баласын мектепке дайындауға көмектесті. Компания басшылары бұл дәстүрді міндетті түрде жалғастырып, оған қаржы бөлу керек деген шешімге келді. Біз үшін осындай маңызды әрі жүрек тебірентер сәтте әріптестеріміздің отбасына қолдау көрсету маңызды», - дейді корпоративтік коммуникация бөлімінің бастығы Галия Дюсембаева.
«Мектепке алғашқы қадам» акциясы «МЕДСЕРВИС ПЛЮС» компаниясының бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі деген қағидаға адалдығының айғағы, компания үшін қызметкерлер мен олардың отбасына деген қамқорлық өзгермейтін басымдық болып қала береді.