Все публикации с 2013 по 2020 год
доступны по данной ССЫЛКЕ

События

«МЕДСЕРВИС ПЛЮС» компаниясы әлемдегі орнықты даму саласындағы үздік компаниялардың 15%-ы қатарына кірді

«МЕДСЕРВИС ПЛЮС» компаниясы әлемдегі орнықты даму саласындағы үздік компаниялардың 15%-ы қатарына кірді

«МЕДСЕРВИС ПЛЮС» компаниясы EcoVadis күміс медалін алып, әлемдегі орнықты даму саласындағы үздік компаниялардың 15%-ы қатарына кірді

Корпорацияның орнықтылығын бағалайтын беделді халықаралық бағалау жүйесіне енген EcoVadis тәуелсіз бағалауының нәтижесі бойынша, «МЕДСЕРВИС ПЛЮС» Қазақ фармацевтика компаниясы» күміс медальға ие болды. Компания 100 балдан 76 жинап, кейінгі 12 айда EcoVadis бағалауынан өткен әлемнің үздік компанияларының 15%-ы қатарына енді.

medserviceplus 2025 7

Күміс медаль – жаһандық стандарттарға сай ESG тәжірибені енгізу мен дамытудың жоғары деңгейін мойындау көрсеткіші.

«Біз үшін бұл жай ғана марапат емес, орнықты даму жолындағы бағытымыздың дұрыстығын көрсететін нәтиже. Бұл табысты тұтас команданың жеңісі деп санаймыз және жаңа маңызды мақсаттарға жасалған қадам деп есептейміз. Жемісті ынтымақтастық үшін AstraZeneca Kazakhstan халықаралық фармацевтика компаниясына айрықша алғыс білдіреміз, осы компанияның арқасында ауқымды бастамаларды қолға алып, орнықты болашақ жолындағы қадамымызды нығайттық деп санаймыз», – деді «МЕДСЕРВИС ПЛЮС» басқарма төрағасы Жанат Умаров.

EcoVadis – бизнес қауымдастықтың орнықты дамуын бағалау саласындағы жаһандық көшбасшы, оның әдістемесін ірі халықаралық корпорациялар мойындайды. EcoVadis рейтингі әлемнің 180-нен астам елінде пайдаланылады және 200-ден астам саланы қамтиды.

Компания туралы ақпарат:

medserviceplus 2025 1 medserviceplus 2025 2 medserviceplus 2025 3

 

 

 

 

«МЕДСЕРВИС ПЛЮС» Қазақ фармацевтика компаниясы» ЖШС – жеке дәрі-дәрмек өндірісі бар Қазақстандағы ірі фармацевтика дистрибьюторы. Компания ESG тәжірибесін белсенді түрде енгізеді, оның ішінде қоршаған ортаны қорғау жобалары, мамандардың әлеуетін арттыру мен жеткізу тізбегінің ашықтығы да бар. EcoVadis рейтингінің мойындауы компанияның орнықты даму жөнінен Қазақстанның фармацевтика нарығындағы көшбасшы екенін көрсетеді және ESG бағыты өсу стратегиясының ажырамас бөлігі екенін дәлелдей түседі.

«МЕДСЕРВИС ПЛЮС» компаниясы» — нарықта 28 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан және Қазақстандағы дәрі-дәрмек жеткізу саласында көшбасшы саналатын вертикаль интеграция компаниясы. Компания әлемдегі 320-дан астам дәрі-дәрмек өндірушімен жұмыс істейді. Дистрибутивтік, өндірістік және дәріханалық практика бойынша сапа және халықаралық стандарттарға сәйкестік сертификаттары бар: GDP, GMP, GPP.

Компания портфелінде 7 900-ден астам өнім атауы бар, бүкіл ел көлемінде 14 филиалы орналасқан және 1 500-ден астам қызметкер жұмыс істейді. «Медсервис Плюс» белсенді түрде заманауи цифрлық және логистика шешімдерін енгізеді (ERP SAP HANA, GxP, серилизация), ESG принциптерін қатаң сақтайды және еліміздің фармацевтика саласының дамуына айтарлықтай үлес қосып келеді. Компанияның кейінгі 10 жылдағы жалпы инвестиция көлемі 18 млрд теңгеден асты, осы уақыт ішінде 20 млрд теңгенің үстінде салық төледі. Компания өнеркәсіп алаңын дамытуды жалғастырып келеді, соның ішінде шетелдік инвесторларды тартқан жобалар да бар.

medserviceplus 2025 4medserviceplus 2025 5medserviceplus 2025 6

 

 

 

 

  

885 pharmФармацевтическое обозрение Казахстана

Image